1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2023 жылғы 16-23 маусым аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталарына шолу

Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 23 маусымда теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,9%-ға (450,99 теңгеден) нығайып, 1 АҚШ доллары үшін 447,05 теңгені құрады.

2023 жылғы  16-23 маусым аралығында сыртқы валюта нарығында бірқатар маңызды оқиға болды. 21 маусым күні Өкілдер палатасында сөйлеген сөзінде АҚШ ФРЖ төрағасы Джером Пауэлл АҚШ-та инфляцияны ұстап қалу мақсатында алдағы айларда пайыздық мөлшерлемелер қайта көтеріле бастауы мүмкін екенін айтты. Орнықты инфляциялық процесс аясында орталық банктер пайыздық мөлшерлемелерді көтеруді жалғастыруда: Англия Банкі мөлшерлемені 5%-ға дейін 50 базистік тармаққа, Норвегия Орталық банкі 3,75%-ға дейін 50 базистік тармаққа, Швейцария Орталық банкі мөлшерлемені 1,75%-ға дейін 25 базистік тармаққа көтерді.

Жоғарыда аталған факторлар негізінен дамушы нарықтарда валюталардың теріс динамикасын көрсетті. Дамушы елдерде АҚШ долларына қатысты валюталар бағамының[1] динамикасы төмендегідей қалыптасты:

  • Бразилия реалы шетелдік капиталдың әкелінуі аясында 0,8%-ға (4,82-ден 4,78-ге дейін) нығайды. Орталық банк базалық мөлшерлемені 13,75% деңгейінде сақтап қалды;
  • үнді рупиясы жаһандық тәуекел сентиментінің нашарлауы аясында 0,1%-ға (81,93-тен 82,04-ке дейін) әлсіреді;
  • Индонезия рупиясы 0,4%-ға (14940-тан 14999-ға дейін) әлсіреді. Орталық банк негізгі мөлшерлемені 5,75% деңгейінде өзгеріссіз қалдырды;
  • Мексика песосы АҚШ ФРЖ Төрағасының «мөлшерлемені арттыру» мәлімдемесі аясында 0,5%-ға (17,09-дан 17,17-ге дейін) әлсіреді. Орталық банк базалық мөлшерлемені 11,25% деңгейінде сақтап қалды;
  • Ресей рублі мұнай бағасын белгілеудің және геосаяси тәуекелдердің төмендеуі аясында 0,7%-ға (84,14-тен 84,7-ге дейін) әлсіреді;
  • Оңтүстік Африка ранды жаһандық инвесторлар тарапынан тәуекелге тәбеттің төмендеуі аясында 3,1%-ға (18,19-дан 18,75-ке дейін) әлсіреді;
  • түрік лирасы негізгі мөлшерлеменің 2021 жылдан бері алғаш рет 15%-ға дейін көтерілуіне қарамастан 6,8%-ға (23,63-тен 25,24-ке дейін) әлсіреді.

[1] АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан барынша көп саудаланатын дамушы елдердің валюталары

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға