1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2023 жылғы 26 мамыр мен 2 маусым аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталарына шолу

Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 2 маусымда теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,5%-ға (445,68 теңгеден) нығайып, 1 АҚШ доллары үшін 447,9 теңгені құрады.

2023 жылғы 26 мамыр мен 2 маусым аралығында сыртқы валюта нарығында бірқатар маңызды оқиға болды. Мысалы, АҚШ Еңбек статистикасы бюросының деректері бойынша, ауыл шаруашылығына жатпайтын сектордағы жұмыс орындарының саны мамырда 339 мың адамға артты. Нарықтық болжам – 190 мың. Дәл сол кезеңде жұмыссыздық деңгейі 3,4%-дан 3,7%-ға дейін өсті. АҚШ сенаторлары 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін лимиттің қолданылуын тоқтата тұруды көздейтін мемлекеттік борыштың ең жоғары шегі туралы заң жобасын мақұлдады. Қытайдың өндірістік секторындағы іскерлік белсенділік индексі (PMI) мамырда 48,8-ге дейін төмендеп, бес айда ең төменгі көрсеткішті жаңартты.

Жоғарыда аталған факторлар дамушы нарықтарда валюталардың әртүрлі бағыттағы динамикасын көрсетті. Дамушы елдерде АҚШ долларына қатысты валюталар бағамының[1] динамикасы төмендегідей қалыптасты:

  • Бразилия реалы 0,8%-ға (5-тен 4,96-ға дейін) нығайды. Бразилия конгресінің төменгі палатасы президент кабинетінің құрылымын құру бойынша уақытша шараны мақұлдады;
  • Оңтүстік Африка ранды АҚШ ФРЖ мөлшерлемелерін арттырудың барынша баяу қарқынын күту аясында 0,6%-ға (19,65-тен 19,53-ке дейін) нығайды;
  • Мексика песосы АҚШ-тағы жұмыспен қамту туралы мамыр айындағы есептің шығуы аясында 0,4%-ға (17,63-тен 17,56-ға дейін) нығайды;
  • үнді рупиясы шетелдік капиталдың айтарлықтай әкелінуі аясында 0,3%-ға (82,57-ден 82,31-ге дейін) нығайды. Акционерлік капиталға таза шетелдік инвестициялар мамырда 5 млрд АҚШ долларын құрады, бұл – өткен жылдың тамыз айынан бергі ең жоғары көрсеткіш;
  • Индонезия рупиясы ішкі жабдықтауды қамтамасыз ету үшін сұйытылған табиғи газ экспортына жаңа шектеуді қарастыру аясында 0,3%-ға (14955-тен 14994-ке дейін) әлсіреді;
  • Ресей рублі мұнай бағасының төмендеуіне және салық кезеңінің аяқталуына байланысты экспорт түсімінің қысқаруы аясында 1,8%-ға (80,06-дан 81,5-ке дейін) әлсіреді;
  • түрік лирасы қайта сайланған ел президенті Режеп Тайып Ердоғанның инфляцияның рекордтық көрсеткіштеріне қарамастан, пайыздық мөлшерлемелерді төмендету саясатын ұстанатыны туралы пікірі аясында 4,8%-ға (19,97-ден 20,93-ке дейін) әлсіреді.

[1] АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан барынша көп саудаланатын дамушы елдердің валюталары

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға