1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2023 жылдың мамыр айындағы іскерлік белсенділік туралы

ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесі 

Мамыр айында біршама бәсеңдеген іскерлік белсенділік 50,6-ны құрап, оң аймақта қалды. Барлық сектор үшін жеткізу мерзімінің ұзаққа созылуы іскерлік белсенділікті тежеуші фактор болып қалып отыр.

Көрсеткіштің жақсара түскені өндірісте байқалды. Мұнда индекс 50,2 (сәуірде – 49,4) құрап, оң аймаққа өтті. Қызмет көрсету секторында да іскерлік белсенділік индексі 51,1-ге дейін (сәуірде – 51,8) біршама төмендегеніне қарамастан, оң аймақта тұр. Құрылыс пен тау-кен өндіру өнеркәсібінде іскерлік белсенділіктің тиісінше 49,6-ға дейін (сәуірдегі 49,9-дан) және 49,5-ке дейін (сәуірдегі 49,8-ден) едәуір төмендегені байқалды. Тауарлы-материалдық қор көлемінің төмендеуі тау-кен өнеркәсібіндегі көрсеткіштің динамикасына әсер етті. Жаңа тапсырыстардың көлемі артқанына қарамастан, құрылыста жеткізу мерзімі ұзарып, жұмыспен қамту деңгейі түскендіктен көрсеткіш төмендеді.

Бизнес-ахуал индексі аздап артып, қазіргі және келешек бизнес жағдайларды бағалау да жақсара түсті. Көрсеткіш өндіріс пен қызмет көрсету секторында өсіп, құрылыс пен тау-кен өндіру өнеркәсібінде төмендегені байқалды.

Осылайша, қазіргі және келешек бизнес жағдайларды орташа бағалауды білдіретін бизнес-ахуал индексі 15,4-ті (2023 жылғы сәуірде – 14,0) құрап, бизнес-цикл «сағатының» индикаторы өсу аймағында қалды.  

Толығырақ: nationalbank.kz/kz/page/indeks-delovoy-aktivnosti-po-kazahstanu

Жоғарыға