1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Монеталардың алып кету мүмкіндігімен сатыла бастайтыны туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) ҚҰБ-тың интернет-дүкені арқылы алтын мен күмістен дайындалған коллекциялық монеталардың сатыла бастайтынын хабарлайды және сатып алушы оларды аумақтық филиалдардың кассасынан өз бетінше алып кете алады. Дәл осы опциямен сату 2023 жылы 1 маусым күні басталады.

Аумақтық филиалдарда келушілердің кезектік ретін ұйымдастыру үшін интернет-дүкенде келу күні мен уақытын белгілеу функциясы іске қосылды. Аумақтық филиалға баратын күн мен уақытты белгілеуге берілген сілтемесі бар тапсырысты растау туралы хабарлама пайдаланушының электрондық пошта мекенжайына интернет-дүкенде монета сатып алғаннан кейін түседі.

Аумақтық филиалға баратын күн мен уақытты пайдаланушының жеке кабинетіндегі «Менің тапсырыстарым» бөлімінде рәсімделген тапсырыс карточкасында белгілеуге де болады. Тапсырысты аумақтық филиал растағаннан кейін тапсырыс карточкасында күн мен уақытты белгілеу батырмасы пайда болады.

Интернет-дүкен арқылы монета сатып алу, оның ішінде аумақтық филиалдарға бару күні мен уақытын белгілеу функционалымен жұмыс істеу бойынша толық нұсқаулықпен мына сілтемеге өтіп танысуға болады: https://www.youtube.com/watch?v=wUG47m5dR_0.

Егер аумақтық филиалдың кассасы пайдаланушының белгіленген күні мен уақытында жеке және/немесе заңды тұлғаға қызмет көрсетумен айналысатын болса, онда келушілер өз тапсырысын нақты кезек тәртібімен ала алатынына назар аударамыз.

Коллекциялық монеталарды алып кету жолымен сату кезеңінде монета сатып алушыларға уақытылы беруді қамтамасыз ету үшін курьерлік жеткізу арқылы коллекциялық монеталарды сату уақытша тоқтатылатынын хабарлаймыз.

Сатып алынған монеталар пайдаланушыға тапсырысты растау формасы тексерілгеннен кейін, сондай-ақ жеке куәлігі болған кезде ҚҰБ-тың аумақтық филиал кассаларында беріледі. Тапсырысты растау формасын пайдаланушының жеке кабинетіндегі «Менің тапсырыстарым» бөлімінен жүктеуге болады. Сонымен қатар, алып кету арқылы сатылатын монеталарды тапсырыс берушінің өзі келіп алу керек екеніне назар аударамыз. Монеталар түрлі жеткізу қызметінің курьерлеріне, оның ішінде сатып алушының өтінішімен өзге адамға берілмейді.

Мына коллекциялық монеталарды сатып алуға болады:

  • BUǴY күміс монеталарының сынамасы – 925, массасы 777,5 грамм, диаметрі 100 мм, диаметрі 2 мм гауһар орнатылған, дайындау сапасы proof, номиналы 5 000 теңгелік, таралымы 250 дана;

BUǴY монеталарының бейнесі

  • AQQÝ күміс монеталарының сынамасы – 925, массасы 777,5 грамм, диаметрі 100 мм, диаметрі 2 мм гауһар орнатылған, дайындау сапасы proof, номиналы 5 000 теңгелік, таралымы 350 дана;

AQQÝ монеталарының бейнесі

  • BÚRKIT күміс монеталарының сынамасы – 925, массасы 777,5 грамм, диаметрі 100 мм, диаметрі 2 мм гауһар орнатылған, дайындау сапасы proof, номиналы 5 000 теңгелік, таралымы 500 дана;

BÚRKIT монеталарының бейнесі

  • ÓMIR SHEJIRESI монеталары 925 сынамалы күмістен дайындалған, массасы 777,5 грамм, диаметрі 100 мм, дайындау сапасы proof, номиналы 7777 теңгелік, таралымы 500 дана;

ÓMIR SHEJIRESI монеталарының бейнесі

  • KIIZ ÚI монеталары 925 сынамалы күмістен дайындалған, массасы 1000 грамм, диаметрі 100 мм, дайындау сапасы proof, номиналы 5 000 теңгелік, таралымы 350 дана;

KIIZ ÚI монеталарының бейнесі

  • JETI QAZYNA монеталары 925 сынамалы күмістен дайындалған, массасы 777,5 грамм, диаметрі 100 мм, дайындау сапасы proof, номиналы 5000 теңгелік, таралымы 250 дана;

JETI QAZYNA күміс монеталарының бейнесі

  • JETI QAZYNA монеталары 999/1000 сынамалы алтыннан дайындалған, массасы 7,78 грамм, диаметрі 25 мм, дайындау сапасы proof, номиналы 500 теңгелік, таралымы 1 000 дана;

JETI QAZYNA алтын монеталарының бейнесі

  • Барыс жылы монеталары 999/1000 сынамалы алтыннан дайындалған, массасы 7,78 грамм, диаметрі 21,87 мм, дайындау сапасы proof, номиналы 500 теңгелік, таралымы 1 000 дана.

Барыс жылы монеталарының бейнесі

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты келесі телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға