1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

ЕАЭО-ға қатысушы елдердің орталық банктерінің басшылары ағымдағы экономикалық жағдайды талқылады

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің орталық банктерінің басшылары 2023 жылғы 30 мамырда Беларусь Республикасы Ұлттық банкінің төрағалығымен өткен Консультациялық кеңестің отырысына қатысты.

Консультациялық кеңестің мүшелері ағымдағы экономикалық жағдайды және ақша-кредит саясатын іске асыру барысын талқылады, сондай-ақ орталық банктер қызметінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Консультациялық кеңестің келесі отырысын биылғы күзде Армения Республикасында өткізу жоспарланған.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты келесі телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға