1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі кейбір мәселелер туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы (бұдан әрі – Жоба) әзірлегенін хабарлайды.

Жоба  екінші деңгейлі банктер арқылы қолма-қол Ресей рублін Қазақстан Республикасынан әкетуге рұқсат беруді көздейді. Қолма-қол рубльді қолма-қол ақшасыз формаға конвертациялау және банктердің корреспонденттік шоттарын толтыру мақсатында рұқсат енгізіледі.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болады.

Жобаның толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің ресми интернет-порталында және ҚҰБ сайтында танысуға болады.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press.nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға