1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2023 жылдың I тоқсанында экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындарда жүргізілген сауалнаманың қорытындысы туралы (салалық конъюнктуралық шолу)

ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаменті директорының орынбасары Денис Чернявскийдің түсіндірмесі

Нақты сектордағы кәсіпорындарда жүргізілген сауалнаманың нәтижесі ауыл шаруашылығын қоспағанда, қарастырылып отырған барлық салада дайын өнімге деген сұраныс біршама жақсарғанын көрсетті. Ауыл шаруашылығындағы сұраныс көрсеткіші теріс аймақта тұр. 2023 жылдың ІІ тоқсанында сұраныс біршама баяулайды деп болжанған тау-кен өндіру өнеркәсібінен басқа салаларда жағдай жақсарады деп күтіледі.

2023 жылдың І тоқсанында шикізат пен материалдардың бағасы өсуін баяулатты. Тау-кен өндіру өнеркәсібінен басқа барлық салада дайын өнімнің бағасы өсуін тежеді. 2023 жылдың ІІ тоқсанында ауыл шаруашылығындағы дайын өнімнің бағасын қоспағанда, шикізат/материалдар мен дайын өнім бағасының өсу қарқыны баяулай береді деген болжам бар.

2023 жылдың І тоқсанында барлық салада өндіріс көлемі ұлғайды. Көрсеткіші шамамен бұрынғы деңгейде сақталған тау-кен өндіру өнеркәсібі ерекшеленіп отыр. 2023 жылдың ІІ тоқсанында өңдеу өнеркәсібінде, сондай-ақ, көлік пен қоймада сақтауда өндіру көлемі өседі деп күтіледі.

Қарастырылып отырған барлық салада өндірістік қуаттың жүктемесі артты. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде жүктеменің жоғары деңгейі сақталып отыр.

Сауалнамаға барлығы 2,6 мыңнан астам тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, сауда, ауыл шаруашылығы, көлік және қоймада сақтау кәсіпорындары қатысты.

Толығырақ: nationalbank.kz/kz/page/rezultaty-oprosov-predpriyatiy-v-razreze-otrasley

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz 

Жоғарыға