1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банк зерттеу жүргізу үшін гранттар ұсынуға байқау жариялайды

Қазақстан Ұлттық Банкі зерттеу жүргізу үшін гранттар ұсынуға ізденушілер арасында конкурстық іріктеу жариялайды.

Ізденушілер арасындағы конкурстық іріктеу мынадай зерттеу тақырыптарында өтеді:

  1. Қаржылық алаяқтыққа, атап айтқанда, пирамидаларға, интернет және телефон алаяқтықтарына қарсы әрекет;
  2. Дағдарыстан кейінгі кезеңдегі тұтынушылық сұраныс (халықаралық және қазақстандық тәжірибе);
  3. Жұмыспен қамту көрсеткіштері: жұмыссыздық деңгейін бағалаудағы балама әдістер.

Конкурстық іріктеуге:

– жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыруға, зерттеу қызметіне, ғылыми қызметке немесе сауалнамалар жүргізу, деректерді интеграциялау арқылы мәлімет жинау, сақтау және (немесе) өңдеу тұрғысындағы қызметке байланысты мақсаттарға, міндеттер мен функцияларға сәйкес қызметті жүзеге асыратын;

– таратылу алдында тұрған немесе банкроттық процестерде жоқ заңды тұлғалар қатыса алады.

Ұлттық Банк өтінімдерді қарап болған соң зерттеудің бір тақырыбына бірнеше грант беруге немесе зерттеуге ұсынылған кейбір тақырыптарды грантсыз қалдыруға құқылы.

Байқау құжаттамасында хабарландырудың толық мәтіні, оның ішінде зерттеу тақырыптарының тізімі, зерттеулерге қойылатын талаптар, ізденушілерді іріктеу шарты мен Ұлттық Банк бөлімшелеріндегі жауапты адамдардың байланыс деректері берілген.

Ізденушілердің өтінімі электрондық үлгіде Ұлттық Банктің порталында қабылданады. Ол үшін қабылданатын өтінімдер ізденушінің бірінші басшысының немесе ізденуші өкілінің сенімхаты негізінде уәкілеттік берілген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған болуы шарт.

Өтінім қабылдана бастайтын күн – 2023 жылғы 11 мамыр.

Өтінім ұсынудың соңғы мерзімі – 2023 жылғы 24 маусым.

Байқауға қатысты сұрақтар туындаған жағдайда мына электрондық мекенжайларға хабарласуға болады: esaphieva@nationalbank.kz, Kamilla.J@nationalbank.kz.

Еске сала кетейік, гранттарды үлестіру тәртібі Қазақстан Ұлттық Банкінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі №47 Басқарма қаулысымен бекітілген қағидалармен белгіленген.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға