1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Циркуляциялық монеталардың кәдесыйлық блистер жиынтықтары сатуға шығарылатыны туралы  

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) 2023 жылғы 18 сәуірден бастап ҚҰБ-тың kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы мына монеталардың кәдесыйлық блистер жиынтықтары сатуға шығарылатынын хабарлайды:

– «Сақтар стилі» кәдесыйлық блистер жиынтығы нибрасс/нейзильбер қоспасынан жасалған биколорлы циркуляциялық монеталардың бес түрінен тұрады. Дайындау сапасы – brilliant uncirculated. Номиналы 100 теңгелік, массасы 6,45 грамм, диаметрі 24,5 мм, таралымы – 30 000 дана;

«Сақтар стилі» кәдесый блистер жиынтығының бейнесі

   

– кәдесыйлық блистер жиынтығы ұлттық валютаның циркуляциялық монеталарының номиналды қатарынан тұрады, таралымы – 50 000 дана.

Циркуляциялық монеталардың кәдесыйлық блистер жиынтығының бейнесі

   

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға