1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2006 жылғы үлгідегі ұлттық валюта банкноталарын айырбастаудың шексіз мерзімі туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500, 1 000, 2 000, 5 000 және 10 000 теңгелік банкноталар айналымнан алынғанын және заңды төлем құралы болып саналмайтынын еске салады.

Дегенмен, 2021 жылғы 12 маусымнан бастап 2006 жылы және одан кейінгі жылдары шыққан банкноталарды айырбастаудың шексіз мерзімі әрекет етеді. Егер азаматтар қандай да бір себептерге байланысты айналымнан алынған ақша белгілерін айырбастап үлгермеген болса, оларды ҚҰБ-тың аумақтық филиалдарында шексіз мерзімде ауыстыра алады.

ҚҰБ филиалдарының мекен-жайы мен байланыс деректері туралы ақпаратты ҚҰБ сайтындағы «Аумақтық филиалдар» бөлімінен табуға болады.

Ұлттық валютаның барлық ақша белгілері туралы толық ақпаратпен ресми сайтта таныса аласыз.

2006 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ БАНКНОТАЛАР

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға