1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ақша-кредит саясатының стратегиялық мәселелері бойынша ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға өтінім қабылдау нәтижесі туралы

Ұлттық Банк «Ақша-кредит саясатының стратегиялық мәселелері. Жаңа экономикалық шынайылықтың сын-қатерлері» ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға өтінім қабылдау аяқталғанын хабарлайды. Конференция 2023 жылы 25 сәуір күні Алматы қаласында өтеді.

2023 жылдың ақпан және наурыз айларында Ұлттық Банкке жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу орталықтарының зерттеушілерінен 20-дан астам өтінім түсті. Барлығы мұқият қаралып, зерделенді. Бағдарламаға енгізу үшін конференцияның тақырыптық бағытына сәйкес келетін зерттеу жұмыстары таңдалады.

Конференцияда ұсынылатын зерттеулермен Ұлттық Банктің «Экономикалық шолу» мерзімді басылымының арнайы шығарылымында танысуға болады.

Конференцияның аңдатпасы мен БАҚ үшін аккредиттеу формасы осы жылдың 20 сәуірінде жіберіледі.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

587.79 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға