1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

TOǴYZQUMALAQ коллекциялық монеталарының сатуға шығарылатыны туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) 2023 жылғы 10 сәуірден бастап ҚҰБ-тың kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы «Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» сериясынан TOǴYZQUMALAQ коллекциялық монеталарының сатуға шығарылатынын хабарлайды.

TOǴYZQUMALAQ коллекциялық монеталары:

массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, дайындау сапасы proof және black-proof, номиналы 500 теңгелік, таралымы 3 000 дана, күмістен (нүктелі алтын жалату, бір жақты тотығу және интерференциялық түрлі-түсті жабын технологиясын қолдана отырып) жасалған;

Номиналы 500 теңгелік күмістен жасалған монетаның бейнесі (дайындау сапасы proof және black proof)

 

массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, дайындау сапасы proof, номиналы 500 теңгелік, таралымы 3 000 дана, күмістен (нүктелі алтын жалату және интерференциялық түрлі-түсті жабын технологиясын қолдана отырып) жасалған;

Номиналы 500 теңгелік күмістен жасалған монетаның бейнесі (дайындау сапасы proof)

массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, дайындау сапасы brilliant uncirculated, номиналы 100 теңгелік, таралымы 20 000 дана, МН 25 мельхиор қоспасынан тұрады;

 Номиналы 100 теңгелік мельхиор қоспасынан жасалған монетаның бейнесі 

массасы 11,17 грамм, диаметрі 31 мм, дайындау сапасы uncirculated, номиналы 100 теңгелік, таралымы 100 000 дана, МНЦ 15-20 нейзильбер қоспасынан тұрады.

Номиналы 100 теңгелік нейзильбер қоспасынан жасалған монетаның бейнесі

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға