1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банктің кадр резервіне іріктеудің қорытындысы шығарылды

Қазақстан Ұлттық Банкі ҚРҰБ кадр резервіне алынған кандидаттардың тізімін бекітті.  

Іріктеу кезінде барлығы 417 ізденушінің түйіндемесі мен эссесі қаралды. Іріктеудің қорытындысы бойынша 74 кандидат кадрлық резервке алынды.

Үміткерлерді іріктеу кезінде олардың біліміне, жоғары біліктілік деңгейіне, жұмыс тәжірибесі мен халықаралық деңгейдегі кәсіби сертификаттарының болуына мән берілді.

Тиісті Ережеге сәйкес, резервке алынғандар жыл ішінде Ұлттық Банктегі бос орындарға жұмысқа алынуы мүмкін.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға