1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2022 жылы төлем ұйымдарының сервисі арқылы жасалған операция көлемі 1,7 есе өсіп, 6 трлн теңгені құрады

2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, Қазақстан аумағында 105 төлем ұйымы тіркелді (өткен жылмен салыстырғанда 11,4%-ға көп).

2022 жылы Ұлттық Банк жүргізілген тексерулер мен өткізілген талдаудың нәтижесінде, сондай-ақ, төлем ұйымдарының өздері ұсынған өтінішхаттардың негізінде 16 төлем ұйымын тізілімнен алып тастады.

Соңғы жылдары төлем ұйымдары жүргізген операция көлемі тұрақты өсу динамикасын көрсетіп отыр. 2022 жылы төлем ұйымдарының сервисі арқылы жүрген ақша айналымы 6 трлн теңгені құрады немесе 2021 жылмен салыстырғанда 73,3%-ға көп болды. 2022 жылы жасалған транзакциялар саны 597,3 млн-ға жетіп, 12,0%-ға өсті.

Соңғы 6 жылдағы төлем ұйымдарының ақша айналымы динамикасы   

Нарықта жұмыс істейтін барлық төлем ұйымдарының елеулі үлесі (ақша айналымының 87%-ы) 15 төлем ұйымына тиесілі.

2022 жылы айтарлықтай өсім клиенттердің мобильді құрылғылар мен интернет арқылы жүргізген операцияларында байқалды. Барлығы 3 110 млрд теңгеге 251 млн операция жүргізілді (2021 жылмен салыстырғанда 2 есе көп).

Қолма-қол ақшаны қабылдауға қатысты төлем ұйымдары 1 983 млрд теңгеге 168,4 млн операция жүргізді. Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 39,1%-ға жоғары.

Сонымен қатар, электронды ақшамен жасалған операцияларда да өсім бар. 2022 жылы бұндай операциялардың барлығы 514,6 млрд теңгеге жүргізілді.

Төлем ұйымдарының аумақтық шоғырлануы: төлем ұйымдарының 86,7%-ы – Алматы қаласында, 7,6%-ы – Астана қаласында, Қарағанды, Қонаев бойынша – 1,9%-дан, сондай-ақ Шымкент пен Рудный бойынша – 1,0%-дан орналасқан.

Толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға