1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Коллекциялық монеталардың сатуға шығарыла бастайтыны туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі  ҚҰБ) 2023 жылдың 14 наурызынан бастап ҚҰБ-тың kazcoins.nationalbank.kz/ru интернет-дүкені арқылы «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» монеталар сериясынан MUHTAR ÁÝEZOV. 125 JYL және AHMET BAITURSYNULY. 150 JYL коллекциялық монеталарын сатуға шығара бастайтынын хабарлайды.  

MUHTAR ÁÝEZOV. 125 JYL коллекциялық монеталары:

 номиналы 500 теңгелік күміс монеталарының массасы 24 грамм, диаметрі 37 мм, сапасы – proof, таралымы 2 000 дана;

Күмістен жасалған монеталардың бейнесі

– номиналы 100 теңгелік мельхиор қоспасынан (МН 25) тұратын монеталардың массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, сапасы – brilliant uncirculated, таралымы 20 000 дана.

Мельхиордан жасалған монеталардың бейнесі

AHMET BAITURSYNULY. 150 JYL коллекциялық монеталары:

 номиналы 500 теңгелік күміс монеталардың массасы 24 грамм, диаметрі 37 мм, сапасы – proof, таралымы – 2  000 дана;

Күмістен жасалған монеталардың бейнесі

 номиналы 100 теңгелік мельхиор қоспасынан (МН 25) тұратын монеталардың массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, сапасы – brilliant uncirculated, таралымы 20 000 дана.

Мельхиордан жасалған монеталардың бейнесі

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға