1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2022 жылы Ұлттық Банктің төлем жүйелері арқылы ұлттық валютада шамамен 800 трлн теңгеге қолма-қол ақшасыз төлемдер мен аударымдар жүргізілді    

ҚҰБ төлем жүйелерінде орташа есеппен минутына шамамен 5 миллиард теңгеге төлемдер өңделеді    

Қазақстан Ұлттық Банкі (ҚҰБ) Банкаралық ақша аударымдары жүйесі (бұдан әрі – БААЖ) мен Банкаралық клиринг жүйесінің (бұдан әрі – БКЖ) операторы болып табылады. ҚҰБ-тың осы төлем жүйелері ұлттық төлем жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін және Қазақстан аумағында қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асыруға қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз етеді.

2022 жылы төлем жүйелері мен қаржы ұйымдарының тікелей корреспонденттік шоттары арқылы ұлттық валютадағы қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарының жалпы көлемі 897,5 трлн теңгені құрады. Бұл ретте Ұлттық Банктің БААЖ және БКЖ төлем жүйелері арқылы 787,2 трлн теңге немесе осы көлемнің 87,7%-ы өткізілді.

Операциялық күн ішінде БААЖ және БКЖ ұлттық төлем жүйелеріне түсетін орташа жүктеме күніне 3,2 трлн теңге сомасына 266,4 мың төлемді құрайды. Орташа есеппен минутына ҚҰБ төлем жүйелері арқылы 4,9 млрд теңгеге операциялар жүргізіледі. Операциялардың ең көп саны осы жүйелерде сағат 12:00-ден 13:00-ге дейін өңделеді.

2022 жылы Ұлттық Банктің төлем жүйелерінің жұмысқа қабілеттілік коэффициенті 99,85% болды. Бұл белгіленген нысаналы көрсеткіштерден асып түсіп, ұлттық төлем жүйелері жұмысының жоғары тиімділігін сипаттайды.

Қазақстан Ұлттық Банкі ұлттық төлем жүйелерін жетілдіру және жаңа инфрақұрылымдық шешімдерді енгізу жұмыстарын Қазақстан Республикасында ұлттық төлем жүйесін дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасына сәйкес жүргізетінін еске саламыз.

Бұдан басқа, ҚҰБ қаржы нарығының қатысушыларымен бірлесіп Қазақстан Республикасының төлем жүйелеріне ISO 20022 қаржылық хабарларды берудің халықаралық стандартын енгізу жөніндегі жобаны іске асырады.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға