Серверлік жабдықта жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты ҚҰБ-тың интернет-ресурсы 27 сәуір сағат 9:00-ден 28 сәуір сағат 23:00-ке дейін уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін

1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Коллекциялық монеталардың сатуға шығарылатыны туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) 2023 жылғы 9 наурыздан бастап ҚҰБ интернет-дүкені – kazcoins.nationalbank.kz/ru арқылы төмендегі коллекциялық монеталар сатуға шығарылатынын хабарлайды.

«Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері» монеталар сериясынан AQQÝ:

  • күмістен дайындалған, сынамасы 925/1000, массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, диаметрі 1 мм гауһар тасы орнатылған, сапасы – proof, номиналы 500 теңгелік, таралымы 4 000 дана;
  • мельхиор қоспасынан (МН 25) дайындалған, массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, сапасы – рrооf-like, номиналы 200 теңгелік, таралымы 10 000 дана;
  • мельхиор қоспасынан (МН 25) дайындалған, массасы 11,17 грамм, диаметрі 31 мм, сапасы – brilliant uncirculated, номиналы 100 теңгелік, таралымы 30 000 дана.

Номиналы 500 теңгелік AQQÝ күміс монеталарының бейнесі

Номиналы 200 теңгелік мельхиор қоспасынан жасалған AQQÝ монеталарының бейнесі

Номиналы 100 теңгелік мельхиор қоспасынан жасалған AQQÝ монеталарының бейнесі 

«Ғарыш» монеталар сериясынан SALIÝT-1:

  • массасы 41,4 грамм, күмістен және танталдан (күміс сақинасының сынамасы 925/1000, массасы 14,6 грамм, тантал дискісінің массасы 26,8 грамм) дайындалған, диаметрі 38,61 мм, сапасы – proof, номиналы 500 теңгелік, таралымы 2500 дана;
  • мельхиор қоспасынан (МН 25) дайындалған, массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, дайындау сапасы – proof-like, номиналы 200 теңгелік, таралымы 10 000 дана.

Номиналы 500 теңгелік күміс пен танталдан жасалған SALIÝT-1 монеталарының бейнесі

Номиналы 200 теңгелік мельхиор қоспасынан жасалған SALIÝT-1 монеталарының бейнесі

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға