1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу туралы  

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 799 Қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді өткізу қағидаларына, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібіне (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жанындағы Сараптама кеңесіне қатысу үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу туралы хабарлайды.

Аккредиттеуді алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттар ұсынады:

1) Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

2) Салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктердің) мемлекеттiк тiркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;

3) Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерін көрсете отырып, бірлестік мүшелерінің тізімі.

Аккредиттеуді алу үшін құжаттар пакеті 2023 жылғы 10 наурызға (қоса алғанда) дейінгі мерзімде қабылданады. 

Жоғарыға