Серверлік жабдықта жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты ҚҰБ-тың интернет-ресурсы 27 сәуір сағат 9:00-ден 28 сәуір сағат 23:00-ке дейін уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін

1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2022 жылдың IV тоқсанында экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындарда жүргізілген сауалнама нәтижесі туралы (салалық конъюктуралық шолу)

ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаменті директорының орынбасары Денис Чернявскийдің түсіндірмесі

Нақты сектордағы кәсіпорындарда жүргізілген сауалнаманың қорытындысы тау-кен өнеркәсібінде – дайын өнімге, көлік пен қоймада сақтауда – сұранысқа қатысты жағдай жақсарғанын, ал сауда саласында, керісінше, нашарлағанын көрсетті. Сауда мен құрылыста сұраныс көрсеткіштері теріс аймақта тұр. 2023 жылдың I тоқсанында ауыл шаруашылығынан басқа барлық салада сұранысқа қатысты жағдай жақсарады деп күтілуде.

Сауданы қоспағанда, барлық салада шикізат пен материал бағасының өсу қарқыны баяулады. Тау-кен өнеркәсібінен өзге салаларда дайын өнім бағасының өсу үрдісі де бәсеңдеді. 2023 жылдың I тоқсанында осы баяулау үрдісі жалғасады деп күтіледі.

2022 жылдың IV тоқсанында тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ көлік пен қойма саласында өндіріс көлемі өскен. 2023 жылдың I тоқсанында барлық салада өндіріс көлемі ұлғаяды деп күтіледі.

Өндірістік қуаттардың жүктемесі – өңдеу өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында, сондай-ақ көлік пен қоймада сақтауда да өсті. Өндірістік қуаттарды жүктеудің жоғары деңгейі тау-кен өндіру өнеркәсібінде сақталып отыр.

Сату рентабельділігі ауыл шаруашылығында ғана өсімді көрсетті. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде сатылым рентабельділігі (44,0%) басқа салаларға қарағанда айтарлықтай жоғары болды.

Сауалнамаға барлығы 2,6 мыңнан астам тау-кен және өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, сауда, ауыл шаруашылығы, көлік пен қойма кәсіпорындары қатысты.

Толығырақ: nationalbank.kz/kz/page/rezultaty-oprosov-predpriyatiy-v-razreze-otrasley

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға