1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2022 жылдың IV тоқсанында кәсіпорындарға жүргізілген мониторингтің нәтижесі туралы

ҚР ҰБ ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесі

Мониторинг нәтижелері нақты секторда экономикалық белсенділіктің орташа өсу қарқынын көрсетті. Нақты секторда сұраныс аздап ұлғайып, өндірістік қуаттардың жүктемесі азайғаны байқалды.

Есепті кезеңде дайын өнімге сұраныс біршама жақсарды. Диффузиялық индекс (ДИ) 51,5-тен 51,7-ге дейін өзгерді. Тауар өндіру (52,5) секторында көрсеткіштің жақсарғаны, ал индикатордың біраз төмендегені қызмет көрсету (50,7) секторында байқалды.

Кәсіпорындарда дайын өнім бағасының өсу қарқыны баяулап, ДИ 62,2 көрсетті (2022 жылғы III тоқсанда – 63,3).

Әдеттегідей, кәсіпорындар Қазақстан экономикасының қазіргі ахуалы бизнес жүргізуге кедергі екенін айтады. Бұны сауалнамаға қатысқан кәсіпорындардың 35,4%-ы растады. Басқа кедергілер: бәсекелестік (28,5%); салық деңгейі (24,4%); сатып алушыларды іздестіру (22,5%); білікті кадрлардың жетіспеуі (22,4%); дебиторлық берешекті қайтарудың күрделілігі (13,2%) болып отыр. Маңыздылығы жағынан қаржыландыруға қолжетімділік 8-орында (12,8%) тұр.

2022 жылдың IV тоқсанында кәсіпорындардың 50,5%-ы (2022 жылғы III тоқсанда – 50,7%) геосаяси ахуал мен РФ-ға қарсы тиісті санкциялар олардың қызметіне теріс әсер еткенін, бұл ретте кәсіпорындардың 11,2%-ы едәуір зардап шеккенін мәлімдеді. Ал респонденттердің 44,0%-ы геосаяси жағдай олардың қызметіне әсер етпегенін атап өтті.   

Нақты сектор кәсіпорындарының сауалнамаларын біріктіріп бағалауды білдіретін композиттік озыңқы индикатор (KOИ) 100,2 деңгейінде сақталды. Бұл экономикалық өсімнің әлсіз болса да оң динамикасы сақталып отырғанын білдіреді.

2022 жылдың IV тоқсанында сауалнамаға 3 361 кәсіпорын, оның ішінде 1 580 ірі және орта кәсіпорын қатысты.

Толығырақ: nationalbank.kz/kz/page/konyunkturnyy-obzor-rezultaty

Толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға