1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Зейнетақы активтерін басқаруға жеке компанияларды тартуды көздейтін БЖЗҚ инвестициялық стратегиясының тиімділігін арттыру шаралары туралы

ҚР Парламенті Сенатында БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқару мәселелері қаралды. Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары Ұлттық Банктің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, БЖЗҚ және басқа да мүдделі мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен зейнетақы активтерін басқаруға жеке компанияларды тартуды көздейтін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық стратегиясының тиімділігін арттыруға қатысты ұсыныстарды талқылады.

Сенаттағы кездесудің қорытындысы бойынша өткен баспасөз брифингінде Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова жеке басқарушы компанияларды тарту аясында ұсынылған негізгі өзгерістер туралы айтты.

Атап айтқанда, Ұлттық Банк өкілі БЖЗҚ салымшыларына зейнетақы жинақтарының 50 пайызына дейін салымшының өз қалауы бойынша жеке басқаруға тапсыру құқығын беру жоспарланып жатқанын айтты.

Бұл ретте салымшы зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе емделу үшін пайдалануды көздейтін болса, БЖЗҚ салымшылары жеке басқаруға аударған зейнетақы жинақтарын ең төменгі жеткіліктілік шегінің есебіне қосу жолдарын қарастыру жоспарланып отыр.

«Жеткіліктілік шегінен асқан жағдайда салымшылар бұл функцияны өмір сүру жағдайларын жақсартуға немесе емделуге ақы төлеу үшін пайдалана алады. Салымшы жинақ сомасының 50%-ға дейінгі бөлігін жеке басқарушы компанияларға аудару мүмкіндігі ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеу кезінде ескеріледі. Жинақ ақшаның бір бөлігін Ұлттық Банктен жеке басқарушы компанияларға беру - инвесторлар үшін әртүрлі менеджерлер арасындағы басқару стилін әртараптандыру арқылы өз активтерін басқару тиімділігін арттыруға қосымша инвестициялық мүмкіндік болады», - деп атап өтті Ә. Молдабекова.

Жаңадан енгізіліп жатқан талаптар жеке компаниялар үшін қаржы құралдарының тізбесін және жеке басқарушы компаниялардың зейнетақы активтерін басқаруға қабылдау критерийлерін кеңейтуді де көздейді.

«Жеке басқарушы компаниялар БЖЗҚ салымшыларының қаражатын инвестициялайтын инвестициялық стратегия жеткілікті деңгейде теңгерімді болуы керек. Ол қазіргі инвестициялық стратегияға негізделеді, бірақ, зейнетақы активтері ұзақмерзімде табыстылықты көрсету үшін кейбір мүмкіндіктер кеңейтіледі», - деп қорытындылады ҚҰБ Төрағасының орынбасары.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға