1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық есептілігін ұсыну кестесіне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі - ҚҰБ) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық есептілігін ұсыну жиілігінің өзгеруіне байланысты сақтандыру секторы бойынша статистиканы жариялау кестесіне өзгерістер енгізілгенін хабарлайды.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап «Сақтандыру келісімшарттары» 17 (ХҚЕС 17) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін Халықаралық қаржылық есептілік стандартының (IFRS) күшіне енуіне және оларға «Қаржы құралдары» ХҚЕС (IFRS) 9  таратылуына байланысты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін бухгалтерлік есепті жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа өзгерістер енгізілді және Шоттардың үлгілік жоспарының шоттары жаңартылды.

«ҚҰБ Басқармасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікті жүргізу мәселелері бойынша кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚҰБ Басқармасының 2022 жылғы 21 қарашадағы № 97 Қаулысымен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ҚҰБ-қа ұсынатын қаржылық есеп беру формаларына өзгерістер енгізілді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық есептілікті ұсыну жиілігі ай сайынғыдан тоқсанға ауыстырылды.

Соған сәйкес, қаржылық есептілік аясында алынатын көрсеткіштерді қамтитын сақтандыру секторы бойынша статистиканы жариялау тоқсан сайынғы негізге ауыстырылады.

Жаңартылған кестеге сәйкес, тоқсан сайын (2023 жылғы 1 сәуірдегі, 2023 жылғы 1 шілдедегі, 2023 жылғы 1 қазандағы және 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша) мына кестелер жарияланады:

  • cақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары бойынша жиынтық бухгалтерлік баланс;
  • cақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары бойынша кіріс пен шығындар туралы жиынтық есеп;
  • cақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары бойынша мәліметтер (Қазақстан Республикасы сақтандыру нарығының негізгі көрсеткіштері)
  • cақтандыру нарығының негізгі қаржылық көрсеткіштері (С(Қ)Ұ бөлінісінде).

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға