1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2023 жылғы 27 қаңтар мен 3 ақпан аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталарына шолу

Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 3 ақпанда теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,4%-ға (460,43 теңгеден) нығайып, 1 АҚШ доллары үшін 458,69 теңге деңгейінде қалыптасты.

2023 жылғы  27 қаңтар мен 3 ақпан аралығында сыртқы валюта нарығында бірқатар маңызды оқиға болды. Бірқатар жетекші орталық банктер базалық мөлшерлемені арттыруды жалғастыра түсті: АҚШ ФРЖ мөлшерлемені 4,5-4,75%-ға дейін 25 базистік тармаққа, ЕОБ 2,5-3,25%-ға дейін 50 базистік тармаққа, Англия банкі 4%-ға дейін 50 базистік тармаққа ұлғайтты. АҚШ-тың еңбек нарығы жөніндегі деректер қаңтарда сарапшылардың күткенінен жоғары болды: экономикадағы жұмыс орындарының саны 517 мыңға ұлғайды, жұмыссыздық 3,4%-ға дейін түсті. Бұл факторлар көбінесе дамушы нарықтардағы валюталардың теріс динамикасына алып келді.

Дамушы елдерде АҚШ долларына қатысты валюталар бағамының[1] динамикасы төмендегідей қалыптасты:   

  • Индонезия рупиясы Орталық Банктің мөлшерлемені арттыру циклін жақын арада аяқтайтынын күтуге байланысты шетелдік инвесторлардың МБҚ-ға (қаңтарда 3,2 млрд АҚШ доллары) салымдарының әкелінуі аясында 0,6%-ға (14 986-дан 14 894-ке дейін) нығайды;
  • түрік лирасы 0,1%-ға (18,81-ден 18,83-ке дейін) әлсіреді. Қаңтарда инфляцияның өсу қарқыны ж/ж 57,68%-ды құрап, талдаушылардың күткенінен асып түсті;
  • үнді рупиясы Adani Group тәуекелдеріне байланысты бейрезиденттердің жергілікті нарықта акцияларды сатуы аясында 0,4%-ға (81,52-ден 81,84-ке дейін) әлсіреді;
  • Бразилия реалы мөлшерлемені 13,75% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдаған Орталық Банктің қатаң саясатына қатысты Президенттің сын-ескертпелері аясында 0,4%-ға (5,11-ден 5,13-ке дейін) әлсіреді;
  • Мексика песосы АҚШ-та еңбек нарығы жөніндегі күшті деректердің шығуы мен АҚШ доллары бағамының жаһандық нығаюы аясында 1,1%-ға (18,77-ден 18,97-ге дейін) әлсіреді;
  • Ресей рублі Ресейден ЕО-ға экспортталатын мұнай өнімдері бағасының ең жоғары шегін енгізу тәуекелдері аясында 1,6%-ға (69,46-дан 70,6-ға дейін) әлсіреді;
  • Оңтүстік Африка ранды АҚШ-тағы еңбек нарығының жай-күйі туралы деректердің шығуы және көптеген дамушы елдер валюталарының әлсіреуі аясында 1,7%-ға (17,19-дан 17,48-ге дейін) әлсіреді.

[1] АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан барынша көп саудаланатын дамушы елдердің валюталары

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға