1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2023 жылдың қаңтар айындағы іскерлік белсенділік туралы

ҚР ҰБ ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесі 

Теріс аймақта сегіз ай бойы болған іскерлік белсенділік көрсеткіші 2023 жылғы қаңтарда өсу аймағына өту арқылы жақсарып, 50,7 болды (2022 жылғы желтоқсанда – 49,4).

Өндіріс пен қызмет көрсету секторында іскерлік белсенділік арта түсті. Мұнда индекстер тиісінше 52,1-ге және 51,3-ке дейін көтерілді (2022 жылғы желтоқсанда – 49,7 және 50,7). Құрылыс пен кен өндіру өнеркәсібінде индекс 50 белгісінен төмен қалыптасты, дегенмен, құрылыста көрсеткіш 48,6-ға дейін көтерілді (желтоқсанда – 47,3). Кен өндіру өнеркәсібінде жаңа өнім, жаңа тапсырыстар көлемі, жұмыспен қамту деңгейі төмендеп, жеткізу мерзімі ұзарып кеткендіктен іскерлік белсенділік 45,9-ға дейін (желтоқсанда – 47,2) түсті.  

Бизнес-ахуал индексі де жақсарды. Көрсеткіш барлық секторда ұлғайды. Кәсіпорындардың бағалауы бойынша, бизнес жүргізудің қазіргі жай-күйі мейілінше қолайлы бола бастады және болашақ жағдайларға қатысты күтулер де айтарлықтай жақсара түсті.

Сөйтіп, бүгінгі және болашақ бизнес-жағдайлардың орташа бағасын көрсететін бизнес-ахуал индексі (2022 жылғы желтоқсандағы 2,7-ден) 11,9-ға дейін едәуір көтерілді.  

Бизнес жүргізудің қазіргі жағдайлары оң бағаланғандықтан, бизнес-цикл «сағатының» индикаторы көтерілу аймағынан өсу аймағына өтті.

Толығырақ: https://nationalbank.kz/kz/page/indeks-delovoy-aktivnosti-po-kazahstanu-ida

Жоғарыға