Бос лауазымды қызметке байқау өткізу туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі «Қазақстан Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы» АҚ Басқарма Төрағасының бос лауазымды қызметіне байқау жариялайды.

Байқауға қатысу үшін түйіндемені (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондарын, білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтерді және IT саласындағы халықаралық сертификаттарын көрсете отырып) HR@nationalbank.kz электронды поштасына жіберу қажет.

Кандидаттардың түйіндемесі байқау өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде – 2023 жылғы 31 қаңтар мен 13 ақпан аралығында қарауға қабылданады.

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптармен мына сілтемеге өтіп танысуға болады: https://nationalbank.kz/kz/vacancy/otkrytye-vakansii/rubric/5

Толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады:
+7(7172) 77 51 32
e-mail: HR@nationalbank.kz

Жоғарыға