1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2022 жылдың желтоқсан айындағы ҚР өңірлеріндегі инфляциялық үрдістер туралы

ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің нақты сектор мониторингі басқармасының бастығы Игорь Осиповтің түсіндірмесі

2022 жылдың желтоқсан айында елде жылдық инфляция 20,3%-ды құрап (қарашада – 19,6%), жеделдеді. Аймақтар бойынша инфляция 19 өңірде қарқын алып, 1 өңірде (Алматы облысы) баяулады.

Жылдық инфляцияның ең көп мәні Маңғыстау облысында, Астана қаласында және Ақмола облысында тіркелді.

Желтоқсанда азық-түлік тауарларының бағасы ж/ж 25,3%-ға дейін (қарашада – 24,1%) өсті. Осы топтағы тауарлардың бағасы Маңғыстау облысында (31,6%) мейілінше жоғары, ал Алматы облысында әлдеқайда баяу өсті (23,6%).

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны ж/ж 19,4%-ға дейін жеделдеді (қарашада – 18,6%). Ең жоғары мән Астана қаласында (30,5%), ең төменгі мән Алматы облысында (15,3%) тіркелді.

Желтоқсанда ақылы көрсетілетін қызметтердің бағасы ж/ж 14,1% деңгейіндегі мәнін сақтап қалды. Бұл ретте жалпы республикалық деңгейден жоғары өскен баға Маңғыстау облысында (17,8%), баяу өскен баға Түркістан облысында (11,4%) байқалды.

2022 жылғы желтоқсанда елде айлық инфляция 1,2%-ды құрады, бұл соңғы 5 жылда (2017-2021 жылдары: 0,7%) желтоқсандағы инфляцияның орташа мәнінен біршама жоғары.

Толығырақ: https://nationalbank.kz/kz/news/inflyacionnye-tendencii-v-regionah/rubrics/1768

540.52 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға