1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қазақстан Ұлттық Банкінің кадр резервін қалыптастыру туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі 2022 жылғы 26 желтоқсан – 2023 жылғы 26 қаңтар (қоса алғанда) аралығында кадр резервіне үміткерлерді іріктеу жүріп жатқанын еске салады. Оған қатысу үшін осы уақыт аралығында Қазақстан Ұлттық Банкінің ресми сайтында электрондық резюме толтыру қажет.

Негізгі талап бойынша іріктеу кезінде кандидаттың: білімі, жоғары біліктілік деңгейі, жұмыс тәжірибесі мен халықаралық сертификаттары (қаржы, IT саласында) ескеріледі.

Кадр резервіне іріктеу кезең-кезеңімен жүргізіледі. Бірінші кезең – түйіндеме мен мотивациялық хат (эссе) ұсынудан тұрады. Соның қорытындысы бойынша кандидаттар Қазақстан Ұлттық Банкінің адам капиталын дамыту департаментінің өкілдерімен, сондай-ақ мүдделі бөлімшелердің басшыларымен дидарласуға шақырылады.

Іріктеуден өткен және кадр резервіне алынғандар жыл ішінде Қазақстан Ұлттық Банкіне жұмысқа орналасуы мүмкін.

Кадр резервіне алынған кандидаттардың тізімі Ұлттық Банктің сайтында жарияланады.

Толығырақ ақпаратты келесідей телефон арқылы алуға болады:
+7(7172) 77 51 32
+7 (7172) 77 55 77 (ішкі 1739)
e-mail: HR@nationalbank.kz

Жоғарыға