1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қазақстан Ұлттық Банкінің кадр резервін қалыптастыру туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі кадр резервіне үміткерлерді іріктеу басталғаны туралы хабарлайды. Оған қатысу үшін 2022 жылғы 26 желтоқсан – 2023 жылғы 26 қаңтар (қоса алғанда) аралығындағы кезеңде Қазақстан Ұлттық Банкінің ресми сайтында электрондық резюме толтыру қажет.

Кандидаттарды іріктеу кезіндегі негізгі өлшемшарттар: білімі, жоғары біліктілік деңгейі, жұмыс тәжірибесі, халықаралық сертификаттардың болуы (қаржы, IT саласында).

Кадр резервіне іріктеу кезең-кезеңімен жүргізіледі. Бірінші кезең – түйіндеме мен уәждемелік хат (эссе) беру, одан кейін оларды қарау қорытындысы бойынша кандидаттар Қазақстан Ұлттық Банкінің адам капиталын дамыту департаментінің өкілдерімен, сондай-ақ мүдделі бөлімшелерінің басшыларымен әңгімелесуге шақырылатын болады.

Іріктеуден өткен және кадр резервіне алынған ізденушілер жыл ішінде Қазақстан Ұлттық Банкіне жұмысқа орналасуы мүмкін.

Кадр резервіне алынған кандидаттар тізімі Ұлттық Банктің сайтында жарияланады.

Толығырақ ақпаратты келесідей телефон арқылы алуға болады:
+7(7172) 77 51 32
+7 (7172) 77 55 77 (ішкі 1739)
e-mail: HR@nationalbank.kz

Жоғарыға