1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қараша айында 2 500-ден астам алтын құйма сатылды

2022 жылдың қараша айында екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес жекелеген айырбастау пунктерінде жалпы салмағы 81,6  келі 2 516 алтын құйманы сатылды.

Азаматтарға тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) Ұлттық Банк 2017 жылы іске қосқан болатын. Бағдарлама қолға алынғалы жалпы салмағы 3,76 тоннаға жуық 110 591 алтын құйма сатылған.

Құймалар бес түрлі салмақта ұсынылады: 5, 10, 20, 50 және 100 г. Сатып алушылар арасында өте жоғары сұранысқа ие түрі – 10 грамдық алтын құйма. Жалпы сатылған құймалар арасында оның үлесі 26% – 28 389 дана. Одан кейін 5 грамдық алтын құйма – 24 082 дана (22%) және 20 грамдық құйма - 22 721 дана (20%), 100 грамдық құйма – 22 573 дана (20%), ал 50 граммдық құймадан – 12 826 дана (12%). Алтын құймалар Алматы, Астана және Атырау қалаларында көп сатылады.

Алтын құймалар сенімді инвестиция құралы бола алады. Алтын құймалар нарығындағы өтімділіктің басты кепілі – банк пен банктік емес айырбастау пунктері клиентке ақшаны сол күні төлей отырып, алтын құймаларды кері сатып ала алады.

Бағдарлама  басталғаннан бері екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес пунктер жалпы салмағы 453 келі 17 999 алтын құйманы кері сатып алған, бұл – жалпы сатылған алтын құймалардың 16,3%-ы. Олар кері сатып алған алтын құймалардың барлығы дерлік Ұлттық Банктің филиалдары арқылы халыққа сатылады.

Әрбір құйма қорғау элементтерімен қапталған (құйманың айна беті, микротекст және жиегі бар) және арнайы қорапқа салынып шығады, сол арқылы құйманың ашылған-ашылмағанын оңай тексеруге болады. Қорғап тұратын қорап, сондай-ақ сапа сертификаты болып саналады. Сондықтан, алтын құйманы ұқыпты сақтап, қорабын бүлдірмеуге кеңес береміз.

Қазір алтын құймаларды бірқатар екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес пунктерден сатып алып, кері сатуға болады.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты келесі телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға