1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2022 жылдың қараша айындағы ҚР аймақтарындағы инфляциялық үрдістер туралы

ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаменті нақты сектор мониторингі басқармасының бастығы Игорь Осиповтің түсіндірмесі

2022 жылдың қараша айында елдегі жылдық инфляция үдеп, 19,6% (қазанда – 18,8%) болды. Аймақтар  арасында жылдық инфляция 19 өңірде қарқын алды.  Ал 1 өңірде (Абай облысы) 19,5% деңгейінде өзгеріссіз қалды.

Жылдық инфляцияның мейілінше жоғары мәні Маңғыстау облысында (23,8%), Астана қаласында (22,6%) және Ақмола облысында (21,0%) тіркелді.

Азық-түлік бағасының өсу қарқыны қарашада ж/ж 24,1%-ға дейін (қазанда – 23,1%) жеделдеді. Осы топқа жататын тауарлардың бағасы Маңғыстау облысында айтарлықтай өсті (31,4%).

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны ж/ж 18,6%-ға дейін жеделдеді (қазанда – 17,9%). Ең жоғары мән Астана қаласында (28,8%), ең төменгі мән Алматы облысында (15,8%) тіркелді.

Ақылы қызмет көрсету бағасы қарашада ж/ж 14,1%-ға өсті, бұл ретте баға Маңғыстау облысында (18,0%) жалпы республикалық деңгейден едәуір жоғары, Ақтөбе облысында (10,8%) едәуір төмен болды.

2022 жылғы қарашада елдегі айлық инфляция 1,4% құрады, бұл соңғы 5 жылдағы (2017-2021 жылдары: 0,8%) қараша айындағы инфляцияның орташа мәнінен едәуір жоғары.

Барлық өңірде баға 2022 жылғы қарашада орташа тарихи нормадан жоғары болды. Айлық инфляцияның ең көп мәні Ақмола облысында байқалды (2,0%).

Толығырақ: nationalbank.kz/kz/news/inflyacionnye-tendencii-v-regionah/rubrics/1768            

Толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға