1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2022 жылғы 2-9 желтоқсан аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталарына шолу

Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 9 желтоқсанда теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,7%-ға (468,98-ден) әлсіреп, 1 АҚШ доллары үшін 472,14 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюта нарығында 2022 жылғы 2-9 желтоқсанда бірқатар маңызды оқиға болды. АҚШ-тағы өндірістік емес саладағы іскерлік белсенділік көрсеткіші саналатын ISM Service индексі 56,5 тармаққа дейін ұлғайды, бұл ФРЖ мөлшерлемелерінің неғұрлым агрессивті көтерілуін және АҚШ долларының нығаюын қолдайды. Канада банкі мөлшерлемені 4,25%-ға дейін (50 б.т.) көтеру туралы шешім қабылдады. Қарашада АҚШ-та өндірушілер бағасының индексі
а/а 0,3%-ға өсті, бұл сарапшылардың болжамынан жоғары болды. Аталған факторлар дамушы нарықтарда валюталардың теріс динамикасын құрды.

Дамушы елдерде АҚШ долларына қатысты валюталар бағамының динамикасы[1] төмендегідей қалыптасты:

  • Оңтүстік Африка ранды ОАР Президентінің импичмент туралы есепке дау айтуға дайындығы туралы хабарлар аясында 0,9%-ға (17,51-ден 17,35-ке дейін) нығайды.
  • түрік лирасы 0,1%-ға (18,64-тен 18,65-ке дейін) біршама әлсіреді. Түркияда инфляция қарашада бір жарым жыл ішінде бірінші рет баяулады – жылдық мәнде 84,4%, өткен айда көрсеткіш 85,5% болды. Түркия ОБ төрағасы Шахап Кавджиоглу бағаның өсуіне ықпал еткен барлық фактор артта қалғанын және қолданыстағы саясат пен бұрын қабылданған шаралар нәтижесінде инфляцияның төмендеуі күтілетінін мәлімдеді;
  • Бразилия реалы елдегі фискалдық орнықтылықтың перспективалары туралы алаңдаушылық аясында 0,6%-ға (5,22-ден 5,25-ке дейін) әлсіреді;
  • Ресей рублі Еуроодақ, G7 және Австралия елдерінің Ресей мұнайына ең жоғары бағаны енгізу және оны барреліне $60 деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдауы аясында 0,7%-ға (62-ден 62,43-ке дейін) әлсіреді;
  • Индонезия рупиясы АҚШ-тың күшті экономикалық деректері мен шетелдік капиталдың әкетілуі аясында 1%-ға (15 426-дан 15 583-ке дейін) әлсіреді;
  • үнді рупиясы шетел капиталының әкетілуі аясында 1,2%-ға (81,32-ден 82,28-ге дейін) әлсіреді;
  • Мексика песосы АҚШ деректерінің шығуы мен капиталдың әкетілуі аясында 1,9%-ға (19,4-тен 19,77-ге дейін) әлсіреді.


[1] АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан барынша көп саудаланатын дамушы елдердің валюталары

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға