1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Fitch Ratings халықаралық агенттігі Қазақстанның егемен рейтингін растады

2022 жылғы 2 желтоқсанда Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстан Республикасының егемен кредит рейтингінің «тұрақты» болжамды «BBB» деңгейін растады.

Қазақстанның кредиттік рейтингін сақтап қалудың басты факторлары сыртқы күйзелістерге төзімділікке ықпал еткен едәуір фискалдық позиция мен ауқымды сыртқы резервтер болып қалуда. Fitch Ratings бағалауынша халықаралық резервтер 2021 жылдың соңында ЖІӨ-нің 37,8%-ын құрады, бұл ұқсас кредиттік рейтингі бар елдердің медианалық көрсеткішінен әлдеқайда жоғары. Бұл ретте елдің шикізатқа тәуелділігі, инфляцияның жоғары деңгейі және экономикалық саясат бағдарламасының жеткілікті шыңдалмағаны атап өтілді.

Агенттіктің мәліметінше, негізгі экспорттық тауарлар бағасының жоғары болуы және 2024 жылға қарай Теңіз кенішіндегі мұнай өндірісінің артуы аймақтағы геосаяси жағдайдың әсерін шектейді.

Fitch Ratings сарапшылары 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында инфляцияның шарықтау шегі болады деп күтіп отыр, ал орташа инфляция 9,5% болады деп болжайды. Агенттік Ұлттық Банктің өзгермелі айырбас бағамына беріктігіне баса назар аударады, бұл күйзелістерді алдын алуға мүмкіндік береді.

Агенттік сондай-ақ қазақстандық банк секторының жеткілікті капиталдандырылғандығын, оның көрсеткіштерінің жақсарғанын атап өтті. Сарапшылардың пікірінше, ұлттық валютадағы депозиттер бойынша жоғары пайыздық мөлшерлеме және басқа да бірқатар шаралар депозиттердің жылыстауына жол бермей, депозиттер мен несиелердің деңгейін дерлік өзгеріссіз ұстауға мүмкіндік берді.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты келесі телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға