1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2022 жылғы 11-18 қараша аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталарына шолу

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша, 18 қарашада теңгенің нарықтық бағамы қаралып отырған кезеңде 0,6%-ға (462,01 теңгеден) нығайып, 1 АҚШ доллары үшін 459,04 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюта нарығында 2022 жылғы 11-18 қараша күндері бірқатар маңызды оқиға болды. 15-16 қарашада Индонезияда G-20 мемлекеттері басшыларының он жетінші кездесуі өтті.
Сан Франциско ФРБ басшысы Мэри Дейли мөлшерлемені көтеруді тоқтату мүмкіндігі туралы мәселенің қаралмайтынын мәлімдеп, ФРЖ ставкаларды «ақылға қонымды» диапазоны ретінде
4,75-5,25%-ды нысанаға алуы мүмкін екенін айтты.

Дамушы елдердегі валюталар бағамының АҚШ долларына қатысты динамикасы[1] төмендегідей қалыптасты:

  • Индонезия рупиясы Индонезия банкінің инфляцияны 5,9% деңгейде күту туралы мәлімдемесі аясында 1,2%-ға (15 495-тен 15 684-ке дейін) әлсіреді;
  • үнді рупиясы АҚШ ФРЖ-ның монетарлық саясатты одан әрі күшейтуін күту аясында 1,1%-ға (80,81-ден 81,69-ға дейін) әлсіреді;
  • Бразилия реалы трейдерлердің Бразилиядағы салық-бюджет саясатын жеңілдету перспективасына алаңдаушылығы аясында 0,9% - ға (5,33-тен 5,38-ге дейін) әлсіреді.
  • түрік лирасы АҚШ ФРЖ-ның монетарлық саясатты одан әрі күшейтуін күту аясында 0,2%-ға (18,58-ден 18,62-ге дейін) әлсіреді;
  • Оңтүстік Африка ранды 0,1%-ға (17,24-тен 17,26-ға) дейін біршама әлсіреді;
  • Ресей рублі экспорттаушыларды салықтық төлемдерге дайындау аясында 0,2%-ға (60,54-тен 60,40-қа дейін) нығайды. РФ Қаржымині 16 қарашада аукциондарда рекордтық 823 миллиард рубльге облигацияларды орналастырды, бұл мемлекеттік облигацияларға сұраныстың өсіп келе жатқанын көрсетеді;
  • Мексика песосы Мексика Орталық банкінің ел экономикасының жақсару белгілері пайда болған жағдайда АҚШ ФРЖ-мен қатар мөлшерлемелерді көтеру моделінен бас тарту мүмкіндігін қарау туралы хабары аясында 0,3%-ға (19,50-ден 19,44-ке дейін) нығайды.

[1] АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан барынша көп саудаланатын дамушы елдердің валюталары

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press.nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға