1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі кейбір мәселелер туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы (бұдан әрі – Жоба) әзірленгенін хабарлайды.

Жобада екінші деңгейлі банктердің қолма-қол Ресей рублін бір реттік тәртіппен Қазақстан Республикасынан әкетуге рұқсаты көзделеді. Қолма-қол рубльді қолма-қол ақшасыз формаға конвертациялау және банктердің корреспонденттік шоттарын толтыру мақсатында рұқсат енгізіледі.

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және күнтізбелік алпыс күн ішінде қолданыста болады.

Жобаның толық мәтінімен: ашық нормативтік құқықтық актілердің ресми интернет-порталында және ҚҰБ сайтында танысуға болады.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz 

Жоғарыға