1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2022 жылғы 7-14 қазан аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталарына шолу

Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 14 қазанда теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 1%-ға (472,04 теңгеден) әлсіреп, 1 АҚШ доллары үшін 476,89 теңге деңгейінде қалыптасты. Сыртқы валюта нарығында бірқатар маңызды оқиға болды. Олардың ішінде негізгісі – қыркүйек айының қорытындысы бойынша жылдық мәнде 8,2%-ды құраған АҚШ-тағы инфляцияға қатысты деректердің шығуы. Инфляцияның талдаушылар күткеннен де жоғары мәні қазынашылық кірістер мен АҚШ долларының өсуіне себеп болды. Бұл АҚШ-тың ақша-кредит саясатын қатарынан төртінші рет пайыздық мөлшерлемені 75 б.п. көтеруге одан әрі қатаңдату перспективаларын нығайтады. Бұл қатарынан төртінші рет пайыздық ставкаларды 75 б.т. көтеруге АҚШ-тың ақша-кредит саясатын одан әрі қатаңдату перспективаларын нығайтады.

Бұл факторлар дамушы нарықтардағы валюталардың динамикасына теріс әсер етті.

Дамушы елдерде АҚШ долларына қатысты валюталар бағамының[1] динамикасы төмендегідей қалыптасты:

  • Түрік лирасы өткен жылмен салыстырғанда 2,7%-ға өскен тамыз айындағы өнеркәсіптік өндіріс жөнінде деректердің шығуы аясында 0,4%-ға (18,57-ден 18,49-ға дейін) нығайды;
  • Үнді рупиясы 82,33-тен 82,36-ға дейін біршама нығайды;
  • Мексика песосы АҚШ ФРЖ-ның мөлшерлемелерді одан әрі көтеруіне қатысты күтулердің нығаюы аясында 0,2%-ға (20,04-тен 20,08-ге дейін) әлсіреді;
  • Индонезия рупиясы шетелдік капиталды әкетудің жалғасуы аясында 1,2%-ға (15251-ден 15427-ге дейін) әлсіреді;
  • Оңтүстік Африка ранды АҚШ долларының нығаюы және жаһандық тәуекел-сентименттің төмендеуі аясында 1,4%-ға (18,1-ден 18,36-ға дейін) әлсіреді. Transnet мемлекеттік порттық және теміржол логистикалық компаниясындағы жұмысшылардың ереуілдері тауарлардың елге әкелінуін/елден әкетілуін бәсеңдетеді;
  • Ресей рублі АҚШ долларының нығаюы, мұнай бағасын белгілеудің және геосаяси қысымның төмендеуі аясында 1,8%-ға (61-ден 62,11-ге дейін) әлсіреді;
  • Бразилия реалы бейрезиденттердің кетуі аясында 2,5%-ға (5,2-ден 5,33-ке дейін) әлсіреді.


[1] АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан барынша көп саудаланатын дамушы елдердің валюталары

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері төмендегідей нөмір бойынша алуына болады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға