1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банктің макроэкономикалық сауалнамасының нәтижелері туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі 2022 жылдың қазан айында сарапшылар қоғамдастығы арасында жүргізілген кезекті макроэкономикалық сауалнаманың нәтижелерін жариялады.

Сауалнамаға Қазақстан аумағында макроэкономикалық көрсеткіштерді талдаумен және болжаумен айналысатын 12 ұйым қатысты. Респонденттердің қатарына нарықтың кәсіби қатысушылары, ғылыми-зерттеу институттары, халықаралық ұйымдар мен рейтингтік агенттіктер кірді.

Макроэкономикалық сауалнамада Ұлттық Банктің болжамдары қамтылмаған. Онда ішкі және әлемдік нарықтағы жағдайды дамыту бойынша кәсіби нарық қатысушыларының тәуелсіз пікірі, бағалаулары мен үмітке негізделген пайымдары берілген.

Бүгінгі сауалнаманың нәтижесі тамыз айындағы деректермен салыстырғанда, көрсеткіштердің көпшілігі бойынша болжамдардың қайта қаралғанын дәйектейді. Атап айтқанда, төмендеу жағына қарай мұнайдың 2022 және 2023 жылдарға арналған орташа жылдық бағасына қатысты болжамдар қайта қаралды. Инфляция бойынша болжам нашарлағанын көрсетті, базалық мөлшерлеменің болжамды орташа жылдық мәні көтерілді, экспорт пен импорттың болжамды көрсеткіштері төмендеді. ЖІӨ өсіміне қатысты болжамда өзгеріс жоқ.

Тәуелсіз макроболжаушылардың сауалнамасымен Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында танысуға болады: nationalbank.kz/kz/page/macro-survey

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 775 205
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға