1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Халықаралық валюта қоры Қазақстанның инфляциялық таргеттеу режимін қолдануын оң бағалады

22 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Николас Бланше бастаған ХВҚ Миссиясын қабылдады. Сапар соңында ХВҚ Миссиясы Қазақстанның қазіргі қаржылық-экономикалық дамуына шолуды, сондай-ақ қорытындылар мен ұсынымдарды қамтитын Қорытынды мәлімдемені жариялады.

ХВҚ миссиясы Ұлттық Банктің инфляциялық таргеттеу саясатына бейілдігін жоғары бағалап, инфляциялық таргеттеудің толыққанды режиміне көшу бағытын жалғастыруды ұсынды. ХВҚ Миссиясының пікірінше, қосалқы міндеттерден бас тарту және Ұлттық Банктің тәуелсіздігін қорғау – басым міндет болып саналады.

ХВҚ миссиясы бюджеттік шоғырландыру басым әлеуметтік маңызды шығыстар деңгейін сақтай отырып, инфляцияны тежеуге көмектесу керек екенін айтты. Болашақта шикізаттық емес тапшылықты қысқартуға мүмкіндік беретін жаңа бюджеттік ережелердің енгізілуі үшін мемлекеттік қаржыны басқарудың институционалдық негізін жақсарту керек екені айтылды.

Екіжақты кездесулер барысында Ұлттық Банк басшылығы ХВҚ Миссиясының мүшелерімен макроэкономикалық перспективалар мен тәуекелдерді, ақша-кредит және валюталық саясатты, сондай-ақ қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

ХВҚ атап өткендей, ақша-кредит саясатын одан әрі күшейту – макроэкономикалық тұрақтылықты сақтап, халықтың ең осал топтарын инфляцияның өсуінен қорғау үшін қажет. Бұл инфляциялық күтулерді бекітеді, ақша-кредит саясатына сенімді нығайтады, халық табысының құнсыздануын және айырбас бағамына қысым жасауға байланысты екінші қатарлы тәуекелдердің туындау қаупін азайтады.

Бұл ретте ХВҚ миссиясы ақша-кредит саясатын одан әрі күшейту қысқа мерзімді экономикалық шығындарға әкелетінін, ал инфляцияның одан әрі өсуіне жол беру – экономика мен халық үшін шығындардың өсуіне және ұзақ мерзімді шығындарға әкелуі мүмкін екенін атап өтті.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
+7 (717) 2 775 205
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға