1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

ЕАЭО-ға мүше елдердегі орталық банктердің басшылары бүгінгі экономикалық ахуалды талқылады

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердегі орталық банктердің басшылары Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағалығымен Астанада өткен Консультациялық кеңестің отырысына жиналды.

Кездесуге Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей орталық банктерінің бөлімше басшылары мен жетекшілері қатысты.

Отырыс барысында қазіргі экономикалық жағдай, ақша-кредит саясатын іске асыруға қатысты баяндамалар тыңдалды. Сондай-ақ, қатысушылар қазіргі жағдайда банк саласы мен қаржы нарықтарын дамыту мәселелерін талқылады.

Қазақстан Ұлттық Банкі мен Төлем және қаржылық технологияларды дамыту орталығы цифрлық теңгенің пилоттық жобасын іске асырудағы прогресс жайында хабардар етті. Кездесуге келгендер орталық банктердің қаржылық технологиялары мен цифрлық валюталарын дамыту мәселелері төңірегінде пікір алмасты.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты келесі телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға