1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2022 жылғы 19 тамыз – 2 қыркүйек аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталарына шолу

Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 2 қыркүйекте теңгенің нарықтық бағамы екі аптада 0,8%-ға (476,43 теңгеден) нығайып, 1 АҚШ доллары үшін 472,47 теңге деңгейінде қалыптасты. Сыртқы валюта нарығында бірқатар маңызды оқиға орын алды, оның ішінде АҚШ ФРЖ басшысы Джером Пауэлдың монетарлық саясатты қаншалықты қажет болуына қарай ұзақ уақытқа күшейтуді жалғастыру ниеті туралы мәлімдемесі басты оқиға болып табылады, бұл өз кезегінде АҚШ долларын нығайтуға және АҚШ қазынашылық облигацияларының кірістілігін арттыруға түрткі болды. 29 тамызда сауда-саттық кезінде DXY индексі 2002 жылдан бері ең жоғары деңгейге жетті. Бұдан басқа, өндірістік сектордағы іскерлік белсенділік индексі бойынша ISM есебі жөнінде деректер (талдаушылардың күткенінен асып түсіп) мен АҚШ-тағы жұмыссыздық деңгейі алты айлық ең жоғары көрсеткіш 3,7%-ға дейін ұлғайған кезде ауыл шаруашылығына жатпайтын секторда жұмыспен қамтылғандар саны (315 000-ға ұлғаю) туралы деректер шықты.

Дамушы елдердегі валюталардың АҚШ долларына қатысты бағам[1] динамикасы төмендегідей қалыптасты:

  • Мексика песосы АҚШ-та еңбек нарығына қатысты деректер шыққаннан кейін 1,1%-ға (20,17-ден 19,95-ке дейін) нығайды;
  • Бразилия реалы өз деңгейінде (5,17-ден 5,17-ге дейін) қалды;
  • үнді рупиясы АҚШ долларының күшеюі аясында біраз (79,78-ден 79,8-ге дейін) әлсіреді. Нетто-импорттаушы үшін шикі мұнайдың неғұрлым төмен бағасы қолдау факторы болды;
  • Индонезия рупиясы АҚШ долларының нығаюы және АҚШ қазынашылық облигациялары кірістілігінің өсуі аясында 0,4%-ға (14838-ден 14896-ға дейін) әлсіреді;
  • түрік лирасы АҚШ ФРЖ басшысының риторикасы аясында 0,5%-ға (18,1-ден 18,19-ға дейін) әлсіреді. Шілде айының қорытындысы бойынша, сауда балансының тапшылығы 10,69 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайып, рекордтық деңгейді көрсетті.
  • Оңтүстік Африка ранды жаһандық тәуекел-сентименттің төмендеуі және шетелдік капиталдың әкетілуі аясында 1,8%-ға (17-ден 17,31-ге дейін) әлсіреді;
  • Ресей рублі мұнай бағасын белгілеудің төмендеуі және жаһандық инвесторлардың тәуекелден кетуі аясында 2,5%-ға (59,1-ден 60,58-ге дейін) әлсіреді.

[1] АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан барынша көп саудаланатын дамушы елдердің валюталары

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға