1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2022 жылғы 29 шілде – 5 тамыз аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталарына шолу

Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 5 тамызда теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,2%-ға (477,09 теңгеден) әлсіреп, 1 АҚШ доллары үшін 477,98 теңге деңгейінде қалыптасты. Сыртқы валюта нарығында маңызды бірқатар оқиға болды, оның ішінде жұмыспен қамту туралы шілде айының есебі бойынша АҚШ макростатистикасының шығуы – басты оқиға. Сарапшылардың болжамынан асып түсіп, ауыл шаруашылығы саласына жатпайтын сектордағы жалпылай жұмыс орындары санының 528 мыңға ұлғаюы рецессияға қатысты қауіпті сейілтіп, АҚШ ФРЖ саясатының одан әрі күшейетініне қатысты инвесторлардың алаңдаушылығын есейтеді. Сонымен қатар, ҚХР мен АҚШ арасындағы шиеленіске байланысты геосаяси жағдайдың нашарлағанын атап өткен жөн, бұл өз кезегінде жаһандық тәуекел-сентименттің төмендеуіне себеп болады.

Дамушы елдерде АҚШ долларына қатысты валюталар бағамының[1] динамикасы төмендегідей қалыптасты:

  • Ресей рублі РФ Орталық банкінің қолма-қол доллар мен еуроны алуға қойылған шектеулерді тағы жарты жылға ұзарту туралы хабарламасы аясында 1,7%-ға (61,62-ден 60,58-ге дейін) нығайды;
  • Бразилия реалы Орталық банктің пайыздық мөлшерлемені 13,75%-ға дейін 50 б.т. арттыру жөніндегі шешіміне қарамастан, өзгерген жоқ (5,17-ден 5,17-ге дейін);
  • үнді рупиясы Орталық банктің пайыздық мөлшерлемені 5,4%-ға дейін 50 б.п. арттыруы аясында біршама (79,26-дан 79,24-ке дейін) нығайды;
  • түрік лирасы шілдеде жылдық мәнде 79,6%-ға дейін қарқын алған инфляцияға қарамастан, бір деңгейде қалды (17,92-ден 17,92-ге дейін);
  • Мексика песосы доллардың нығаюы мен АҚШ қазынашылық облигациялары кірістілігінің артуы аясында 0,1%-ға (20,37-ден 20,4-ке дейін) әлсіреді;
  • Индонезия рупиясы шетелдік капиталдың әкетілуі және инвесторлардың тәуекелден кетуі аясында 0,4%-ға (14834-тен 14894-ке дейін) әлсіреді;
  • Оңтүстік Африка ранды жұмыспен қамту туралы деректер шыққаннан кейін АҚШ долларының нығаюы аясында 1%-ға (16,62-ден 16,78-ге дейін) әлсіреді.

[1] АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан барынша көп саудаланатын дамушы елдердің валюталары

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға