1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2022 жылғы 22-29 шілде аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталарына шолу

Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 29 шілдеде теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 1,4%-ға (483,88 теңгеден) нығайып, 1 АҚШ доллары үшін 477,09 теңге деңгейінде қалыптасты. Сыртқы валюта нарығында бірқатар маңызды оқиға болды. Оның ішіндегі маңыздысы – шілдедегі отырыстың қорытындысы бойынша АҚШ ФРЖ-ның есептік мөлшерлемені 2,35-2,5%-ға дейін 75 б.п. арттыруы болды. Бұл көптеген талдаушылардың болжамына сәйкес келеді. АҚШ экономикасының жай-күйі туралы деректердің шығуы (ЖІӨ екінші тоқсанда жылдық есеппен 0,9%-ға қысқарды) және АҚШ ФРЖ басшысының АҚШ-тағы рецессиядан қауіптеніне байланысты пайыздық мөлшерлемелердің арту қарқынының ықтимал бәсеңдейтіні туралы тиісті риторикасы, көбіне, дамушы нарықтардағы валюталардың оң динамикасын қалыптастарды.

Дамушы елдерде АҚШ долларына қатысты валюталар бағамының[1] серпіні төмендегідей болды:

  • Бразилия реалы DXY АҚШ доллары индексінің төмендеуі және шикізат тауарлары бағасының өсуі аясында 6%-ға (5,5-тен 5,17-ге дейін) нығайды;
  • Индонезия рупиясы қазынашылық облигациялар кірістілігінің төмендеуі және АҚШ долларының әлсіреуі аясында 1,2%-ға (15014-тен 14834-ке дейін) нығайды;
  • Оңтүстік Африка ранды мұнай бағасының өсуі және АҚШ ЖІӨ бойынша әлсіз деректердің шығуы аясында 1,2%-ға (16,83-тен 16,62-ге дейін) нығайды;
  • Мексика песосы АҚШ ФРЖ-ның кезекті отырысынан кейін 0,8%-ға (20,53-тен 20,37-ге дейін) нығайды;
  • үнді рупиясы АҚШ ФРЖ басшысының жеңіл риторикасы аясында 0,7%-ға (79,85-тен 79,26-ға дейін) нығайды;
  • түрік лирасы шамадан тыс жеңіл саясат сақталған кезде Орталық банктің инфляция болжамын жыл соңына дейін 60,4%-ға дейін арттыруы аясында 1,1%-ға (17,73-тен 17,92-ге дейін) әлсіреді;
  • Ресей рублі Ресейдің қаржы саласындағы билік өкілдерінің бюджет қағидаларын жаңартуға қатысты іс-қимылын күту және валютаға сұраныстың өсуі аясында 7,6%-ға (57,29-дан 61,62-ге дейін) әлсіреді.

[1] АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан барынша көп саудаланатын дамушы елдердің валюталары

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға