1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2022 жылғы 8 – 15 шілде аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталарына шолу

Сауда-саттық қорытындысы бойынша 15 шілдеде теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 1,1%-ға (474,92-ден) әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 480,37 теңге деңгейінде қалыптасты. Сыртқы валюта нарығында бірқатар маңызды оқиғалар орын алды, олардың ішінде негізгісі АҚШ-тағы инфляция бойынша деректердің шығуы болды. АҚШ-та тұтыну бағасының индексі маусымда 9,1%-ға өсті, бұл рекордтық көрсеткіш (талдаушылардың болжамдарынан асып, маусымда айлық есептеуде 1,3%) болды. Өз кезегінде, бұл АҚШ-тың ақша-кредит саясатының одан әрі қатаңдай беретінін білдіреді. Бұл негізінен дамушы нарықтар валюталарының теріс динамикасына әкелді.

Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының динамикасы[1] төмендегідей қалыптасты:

  • Ресей рублі сауда балансының оң сальдосының өсуі аясында 6,2%-ға (60,92-ден 57,17-ге дейін) нығайды;
  • Индонезия рупиясы пальма майына бағаның төмендеуі және шетел капиталының әкетілуі аясында 0,1%-ға (14979-дан 14997-ге дейін) әлсіреді;
  • Мексика песосы АҚШ долларының нығаюы аясында (DXY АҚШ долларының индексі 20 жылдық ең жоғары көрсеткішке жетті) 0,4%-ға (20,45-тен 20,54-ке дейін) әлсіреді;
  • түрік лирасы Fitch Ratings Түркияның тәуелсіз борыш рейтингінің B+-тен B-ға дейін төмендеуі аясында 0,6%-ға (17,26-дан 17,36-ға дейін) әлсіреді;
  • үнді рупиясы Америка валютасының нығаюы және капиталдың әкетілуі аясында 0,8%-ға (79,25-тен 79,88-ге дейін) әлсіреді. Алайда шикі мұнай бағасының төмендеуі рупия шығынын шектеді;
  • Оңтүстік Африка ранды Eskom мемлекеттік энергетикалық компаниясының қаржылық жағдайының нашарлауына байланысты жалғасып жатқан іркілістер аясында 1,2%-ға
    (16,87-ден 17,08-ге дейін) әлсіреді;
  • Бразилия реалы шикізат тауарларына бағаның төмендеуі және жаһандық тәуекел сентиментінің төмендеуі аясында 2,9%-ға (5,26-дан 5,41-ге дейін) әлсіреді.

[1] АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан барынша көп саудаланатын дамушы елдердің валюталары

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон бойынша алуына болады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға