1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

16 маусымда елордада блокчейн-технология саласына арналған конференция өтеді

Қазақстан Ұлттық Банкінің төлем және қаржы технологияларын дамыту орталығы (ТҚТДО) Astana Hub-пен бірлесіп блокчейн-индустрия және орталықтандырылмаған қаржы (DeFi) саласында ауқымды іс-шара өткізеді.

DeCentral Asia: Digital Finance & Blockchain конференциясы 16 маусымда (бейсенбі) сағат 9:30-14:00 аралығында өтеді.

Конференция отандық нарықта жаңа ойыншылардың пікір алмасуына және таныстырылуына, сондай-ақ блокчейн-жобаларды іске асыратын жергілікті және шетелдік ІТ-компаниялардың келуіне ыңғайлы жаңа алаңға айналады.

Панельдік сессияларға технологиялық компаниялар мен халықаралық сарапшылар қатысады. Онда орталық банктердің цифрлық валюталары (CBDC), блокчейн, DeFi сияқты салалардағы бастамалары ұсынылады. Қатысушылар, сондай-ақ қаржылық инновацияларды реттеу перспективаларын талқылайды.

Digital Tenge Hub панельдік сессияларының бірі – Цифрлық теңгені және CBDC-дің ЕО, АҚШ және Ұлыбританиядағы ұқсас жобаларын жүзеге асыру бойынша тәжірибеге арналады.

ТҚТДО – Astana Hub серіктестігі аясында Blockchain Center іске қосылады, оның негізінде блокчейн мен DeFi саласындағы білім беру жобалары жүзеге асырылып, нарықтағы ойыншылармен бірлескен бастамалар дамытылады.

Іс-шара Вlockchain Battle питч-сессиясымен қорытындыланады, онда блокчейн-технология саласында перспективасы жоғары 10 стартап таныстырылады. Байқаудың жалпы жүлде қоры – 8 миллион теңге.

Онлайн-конференцияға кез келген адам қатыса алады, ол үшін мына сілтеме арқылы тіркелу қажет: https://forms.amocrm.ru/xdrwzm

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға