1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банктің ХВҚ өңірлік экономикасын дамыту перспективалары туралы панельдік пікірталасқа қатысуы туралы

2022 жылғы 19 мамырда Таяу Шығыс пен Орталық Азия өңірінің даму перспективалары туралы ХВҚ баяндамасына (REO MCD) арналған панельдік пікірталас өткізілді. Онлайн іс-шараны Халықаралық валюта қоры ұйымдастырды.

Панельдік пікірталасқа Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов қатысты. Сонымен қатар іс-шараға ХВҚ Таяу Шығыс және Орталық Азия департаментінің директоры Джихад Азур, Грузия Ұлттық Банкінің Төрағасы Коба Гвенетадзе және Мичиган университетінің профессоры Марта Олкотт қатысты.

Пікірталас барсында Джихад Азур Кавказ және Орталық Азия өңірінің экономикалық дамуының перспективалары бойынша ХВҚ-ның негізгі қорытындыларын баяндады. ХВҚ болжамына сәйкес, 2022 жылы ЖІӨ өсімі 2,6% құрайды және бұл өткен жылғы қазандағы көрсеткішпен салыстырғанда 1,5%-ға төмен. Өңірдегі инфляция 9,2%-ды құрады. Джихад Азурдың пікірінше, мұндағы басты драйвер – азық-түлік тауарлары бағасының жоғарылауы болды.

Соған қоса, пікірталас барысында ағымдағы жағдайдың өңірдегі мемлекетердің экономикасына ықпалы, қабылданған макроэкономикалық саясат шаралары, қаржылық тұрақтылықты сақтау және инфляциялық қысым факторлары туралы пікір алмасу орын алды.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері келесі телефон нөмірі арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға