1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

АХҚО-ның цифрлық активтерімен байланысты операциялар бойынша төлемдерді белгілеу кодтарын енгізу туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі (ҚҰБ) «Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы №203 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы» жобаның (бұдан әрі – Жоба) әзірленгенін хабарлайды.

Жоба қазақстандық банктер арқылы қызмет көрсетілетін «Астана» Халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі – АХҚО) қатысушыларының операциялары бойынша, оның ішінде АХҚО цифрлық активтері биржасындағы мәмілелерге байланысты операциялар бойынша төлемдерді белгілеу кодтарын енгізуді көздейді.

Ұсынылған өзгертулер қазақстандық банктермен өзара әрекеттесе отырып, АХҚО цифрлық активтерінің биржаларын іске қосу бойынша АХҚО базасында іске асырылатын пилоттық жоба аясында операциялардың ашықтығы мен мониторингін қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі АХҚО криптобиржа қатысушыларының пайдасына операциялар жүргізу мүмкіндігін көздейтін сәйкес Қағидаларды 2022 жылы сәуірде қабылдаған болатын.

ҚҰБ қаулы жобасының толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің ресми интернет-порталында танысуға болады.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:

8 (7172) 77–52–10

e-mail: press@nationalbank.kz

www.nationalbank.kz

Жоғарыға