«7-20-25» бағдарламасы аясында несие алуға 141 769 өтінім қабылданды
2022 жылғы 28 сәуірдегі жағдай бойынша, «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 1,8 трлн теңге несие алуға 141 769 өтінім қабылданды. Оның ішінде 819 млрд теңгеге 62 852 өтінім мақұлданды.
«7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса, «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ + 7 (727) 227-20-25 нөміріне тәулік бойы хабарласуға болады.
Сонымен қатар ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында қосымша ақпаратпен таныса аласыз.
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефоннан ала алады:
+7 (7172) 77-52-10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz