1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

«Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы» ҚР Президентінің Жарлығына толықтырулар енгізу туралы 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚР ҰБ) «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 830 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасын әзірлегені туралы хабарлайды.

Жобамен бұрын енгізілген тыйым салулар мен шектеулерді:

1) ҚР ҰБ операцияларына, сондай-ақ ҚР ҰБ құрылымына кіретін ұйымдардың операцияларына;

2) шетелдік шикізатты қайта өңдеуден кейін алынған және «кері экспорт» кедендік рәсімімен мәлімделетін аффинирленген алтынды әкетуге қолданбау көзделеді. Алыс шет елдерге әкету кезінде қайта өңдеу талаптары туралы құжат және мемлекеттік бақылау актісі, Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әкету кезінде тауарларды қайта өңдеу талаптары туралы қорытынды негізге алынуы тиіс;

3) екінші деңгейдегі банктердің шетелдік банкпен жасасқан тиісті шарты негізінде жүзеге асырылатын төлемдік емес және (немесе) айналысқа жарамсыз қолма-қол шетел валютасын әкетуіне;

4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жекелеген актілерінде айқындалатын өзге де жағдайларға қолданбау көзделеді. 

Жобаның толық мәтінімен ҚР ҰБ сайтында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің ресми интернет-порталында танысуға болады.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты келесі телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға