1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қолма-қол шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шегін кеңейту туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі 2022 жылы 31 наурызда «Айырбастау пунктері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шегін белгілеу туралы» Басқарманың № 30 Қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) қабылданғанын хабарлайды. Қаулы алғаш ресми жарияланған күні – 2022 жылғы 11 сәуірде күшіне енді.

Құжатпен уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың айырбастау пунктері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша қолма-қол шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шегінің рұқсат етілетін мәндері бекітілді.

Шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқуының белгіленген шек мөлшері 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылу мерзімімен АҚШ доллары үшін – 15 теңге, еуро үшін – 20 теңге.

Белгіленген шектеулер қолма-қол ақшасыз жүргізілетін айырбастау операцияларына қолданылмайды.

Қаулының толық мәтінімен Қазақстан Ұлттық Банкінің сайтында танысуға болады.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға