1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банктің кадрлық резервіне іріктеу қорытындысы туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі ҚРҰБ-тың кадрлық резервіне алынған кандидаттар тізімін бекітті.  

Іріктеу кезінде барлығы 370 ізденушінің түйіндемесі мен эссесі қаралды. Соның қорытындысы бойынша кандидаттар Ұлттық Банктің бөлімше басшыларымен сұхбаттасуға шақырылды. Іріктеу нәтижесінде 79 кандидат кадрлық резервке алынды.

Үміткерлерді іріктеу кезінде олардың біліміне, жоғары біліктілік деңгейіне, жұмыс тәжірибесі мен халықаралық деңгейдегі кәсіби сертификаттардың болуына мән берілді.

Қалыптасқан Ережеге сәйкес, резервке алынғандар жыл ішінде Ұлттық Банкте бос орындарға жұмысқа орналасуы мүмкін.

Толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press.nationalbank.kz 
www.nationalbank.kz

Жоғарыға