1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2022 жылдың ІІ тоқсанына арналған Ұлттық Банктің ноттарын шығару кестесі туралы

Ақша-кредит саясатын жүзеге асыру аясында Ұлттық Банк қазіргі уақытта  айналыс мерзімі 28, 91 және 182 күн болатын қысқа мерзімді ноттарды шығарып жатыр.

Ақша-кредит саясатын іске асыру процесін жетілдіру, трансмиссиялық механизмнің тиімділігін арттыру және еркін өтімділікті Қаржы министрлігінің борыштық құралдарына қайта бағыттау үшін Ұлттық Банк 2022 жылдың  II тоқсанынан бастап 182 күндік ноттарды шығаруды алып тастау, 91 күндік ноттарды шығаруды 100 млрд теңгеге дейін шектеу және қысқа мерзімді өтімділікті реттеуге назар аудару туралы шешім қабылдады.

Ұлттық Банк 91 күндік ноттарды шығаруды тоқтату мәселесін одан әрі  қарастыратын болады.

2022 жылдың II тоқсанындағы нот шығарылымдарының кестесімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты келесі телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға